eGov.kz порталы мен eGov мобильді қосымшасының жұмысы қалпына келтірілді

Бүгін мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электронды үкіметтің компоненттерін де қолдану мүмкін болмады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасы.

«Қазіргі уақытта eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік дерекқорларды (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) қоса алғанда «электронды үкімет» компоненттері қалпына келтірілді. «ҰАТ» АҚ қызметкерлері «электрондық үкімет» компоненттері мен мемлекеттік деректер базаларының толық функционалын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар техникалық ақаулардың себептеріне талдау жасалады. Электронды үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек.