КҚК Ресейге мұнай тасымалдау көлемін азайтты

Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан Ресейге мұнай  тасымалдау көлемін азайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қашаған кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтағанына байланысты мұнай қабылдау көлемі де қысқарды.  Нәтижесінде Теңіз–Новороссийск құбыры арқылы шикізатты жөнелту көлемі азайды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.Ұзындығы бір жарым мың шақырымнан асатын құбыр арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екісі тасымалданады.