Шымкентте мердігер компанияларға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Шымкентте жол құрылысын жүргізген мердігер компанияларға 58 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапкершілікке тартылған 111 мекеменің ішінде техникалық бақылаушы және авторлық қадағалаушы мекемелер бар. Көбі кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктерді уақытында жоймаған, келісім шартта көрсетілген міндетті орындамай, сапаға салғырт қараған.  Қазір айыппұлдың  36 млн теңгеден астамы өндірілді. Ал қалғаны  бойынша сотқа талап арыз жолданған. Айта кетейік,  биыл қала көшелерінде 190 нысанда 350 шақырымнан астам жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ержан Жолдасов, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Енді 110 айыппұлдың 70 айыппұлы құрылыс жұмыстарын жүргізетін жаңағы мердігерлер. 14 айыппұлы техникалық бақылаушыларға салынған. Содан кейін 24 айыппұл ол былтырғы жылы салынып, тапсырылған жолдарда.