Қазақстандықтар енді Андорраға визасыз қатынай алады

Қазақстандықтар енді Андорраға визасыз қатынай алады. Себебі қос ел билігі виза режимін алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елімізге Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убах алғаш рет ресми сапармен келіп, Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен жүздесті. Басқосу қорытындысы бойынша министрлер өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл қос ел арасындағы бірінші үкіметаралық құжат. Кездесуде саясаткерлер екі елдің арасындағы ынтымақтастық тұрақты, үдемелі сипатқа ие және өзара тиімді серіктестікті дамытуға бағытталғанын атап өтті. Әсіресе озық, әрі перспективалы бағыт ретінде туристік секторға ерекше тоқталды. Сапар барысында Мария Убах Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен,  еліміздің Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханмен де кездеседі.