Бас мүфти: Діни съезд әлемді достыққа үндейді

Қашан да адам баласы бас қосып, бір-бірімен сұхбаттасса, достық орнайды. Сол себепті қыркүйек айында елімізде өтетін Әлемдік дәне дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ел ішіндегі бірлік пен әлемдегі татулық пен бейбітшілікке үлкен үлес қосады. Еліміздің Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтулы шара жөнінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас мүфти этносаралық келісім мен дінаралық түсіністікті дамыту Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

– Көрші елдердің бас мүфтилері, түріктілдес елдердің бас мүфтилері және мынау араб мұсылман бауыр елдерінен келетін көптеген дін ғалымдары, Мысыр еліндегі үлкен ғалымдардың келуі қазіргі таңда жоспарлануда. Тағы да басқа дін өкілдерінің келуі күтілуде. Әлемде болып жатқан жағдай белгілі. Әр жерлерде әртүрлі соғыстар болып жатыр. Әртүрлі түсінбеушіліктер, халықтың наразылықтары, көтеріліс жасап билікке қарсы келуі болып жатыр. Осылардың барлығына Алла қаласа, біздің съезіміз жақсы бір себепші болып, әлемдегі тыныштықтың орнауына себепші болады деген сенімдеміз, Алла соны нәсіп етсін.