476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Рейс 12 сағатқа кешіккен: Air Astana-ға 3 млн теңге айыппұл салынды

  • 202
  • UPD: 11:35, 05.08.2022
Рейс 12 сағатқа кешіккен: Air Astana-ға 3 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тартуды жалғастыруда.

Тергеу барысында 2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін Fly Arystan бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталды. Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 4 тамызда авиакомпанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 тг.) мөлшерінде айыппұл салынды.

«Бұл «Эйр Астана» әуекомпаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы. Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда авиатасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Хабар 24 телеарнасы