Интернет алаяқтықты тойтаруға техника мүмкіндік бермей тұр

Интернет алаяқтықты тойтаруға техника мүмкіндік бермей тұр

Осы интернет алаяқтықпен күреске барлық орган жұмылуы керек. Ішкі істер министрі алаяқтардың шапшаң әрі қырағы әрекет ететінін айтады.

Өкінішке орай, біздегі техникалық мүмкіндіктер полицияға олардың жолын кесуге мүмкіндік бермей тұр. Мысалы, қылмыскерлер абоненттік номерді ауыстыру жүйесін еш қиындықсыз пайдаланады. Сондай-ақ ұялы қызметті қашықтан басқару да оларға қолжетімді. Осылайша көбіне интернет алаяқтар аңғал халықты шетелде отырып, құрығына түсіреді. Бірақ елдегі сыбайластары да жоқ емес. Марат Ахметжанов өзге де құзырлы министрліктерге қылмыстың бұл түрімен күресте қолдау көрсетуді сұрап отыр. 

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Ішкі істер министрлігі атынан жақын шет елдерге сұрау жолдаймыз. Алайда бюрократия салдарынан ақпаратты жедел алу мүмкін емес. Мен бұл мәселені алдағы ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесінде көтермекпін. Бізде нақты ұсыныстар бар.