Жетісу облысында мұздықтың еруінен болатын селдің алдын алу басталды

Жетісу облысында мұздықтардың еруінен болатын селдің алдын алу шаралары басталды.

«Қазселденқорғау» және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жетісу Алатауын тікұшақпен шарлап шықты. Әуеден барлау барысында Өсек, Қапқан, Қорғас, Сарқан және Ақсу өзендері бастау алатын көлшіктердің деңгейін төмендету керектігіне тағы бір мәрте көз жеткізілді. Сонымен қатар эвакуациялақ каналдарды тазалау, су ағатын құбырларды тексеріп, істен шыққанын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 1 млн текше метр тіршілік нәрі ағызылып, су тасу қаупі сейітілді.

Айта кетейік, Жетісу жерінде 400-ден астам көл бар. Соның жиырмасын сала мамандары ұдайы бақылауда ұстап отырады.

Айдос Сабырбаев, «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасы филиалы басшысының орынбасары:

- Биылғы аэрошолу жұмыстары бойынша Қапқан, Қорғас өзенінің алабындағы мореналық көл, Ақсу өзенінің алабындағы 59 мореналық көл, Сарқан өзенінің алабындағы Ақкөл мореналық көлдерінде су босату жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда гидрологиялық жағдай қалыпты.