«Мерейлі отбасы» байқауының үздіктері марапатталды

Халқымыздың өнегесі мен жанұя құндылықтарын насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылдан жылға байқауға қатысқысы келетін отбасылар саны артып келеді.Биыл конкурсқа қатысуға 151 отбасы құжат тапсырыпты.

Есет Байкен, қала әкімінің орынбасары:

-151 жанұяның барлығы мерейлі, үлгілі отбасы болуға лайықты. Комиссия отырысы кезінде таңдау қиын болды. Себебі кретерийлер жылдан-жылға артып келе жатыр. Ал негізгі кретерий ол отбасының ұлағаттылығы және де үйдегі ұйытқы болып отырған аналарымыздың рөлі.

Отбасы – адамның тыныш, сенімді айлағы ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің, қоғамның тұрақты дамуының негізі. Биыл «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан жанұялардың ішінде 10 отбасы арнайы номинациялар бойынша үздік атанды. Ал 3 ұл, 3 қыз тәрбилеп отырған Сағитовтар әулеті үлгілі отбасылар арасынан топ бастап, 1 орынды жеңіп алды.

Елтай Әуелов, «Мерейлі отбасы» байқауының 2 орын иегері:

- Әрбір қазақтың азаматтары осындай жүлдеге ие бола берсін. Қазақтың үйлері, отбасылары көбейе берсін. Жақсылық бола берсін. Мерейлі отбасыға рахмет.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау отбасы институтын нығайтуға септігін тигізіп келеді. Бақытты отбасының қоғамдағы зор мәртебесі – ел болашағының айқын көрінісі.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Сондай-ақ...