476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістандық шебер кәсібін дөңгелетіп отыр

  • 212
  • UPD: 23:38, 05.08.2022

Гүлгүл былтырдан бері осы жерде отырып тапсырыс қабылдап, тігіс тігеді. Оған бұл бөлмені осы сауда үйінің иесі тегін беріпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жалғызбасты келіншек «мүмкіндігім шектеулі» деп қарап отырған жоқ. Қандай тапсырыс түссе де қабылдайды. Себебі жұмыстан қашпайды. Қолынан барлығы келеді. Ендігі арманы – «мемлекеттік грант алып, үлкен тігін машинасын сатып алсам. Сөйтіп кәсібімді кеңейтсем» дейді.

Гүлгүл Ташпенова, тігінші:

- Құжаттарымды тапсырдым. Биыл құдай қаласа алатын шығармын. Соны алып, көркейтіп, әрекет жасасам деген ойым бар. Егер грантты алып жатсам, үлкен тігін машинасын алғым келеді. Жақсы оверлок алғым келеді. Киім жөндеген кезде оверлок ең керегі сол болады. Маталарым бар, мақталарым бар, құраққа керек заттарды алсам.

Мына көздің жауын алатын жастық қап мен құрақ көрпенің тысы Гүлгүлдің қолынан шыққан. Қазір ол қыз жасауын тігіп жатыр. Бірақ қажетті оюларды базардан сатып алатынын айтады. «Егер ою салатын құрылғым болса осының бәрін өзім жасар едім» дейді.

Гүлгүл Ташпенова, тігінші:

- Мына оюларды базардан сатып аламын. Келгеннен кейін өзім матаға жапсырып, бәрін тігіп шығамын. Содан кейін мынадай көздер тігемін. Сосын біріктірсеңіз мынадай әдемі жастық қап шығады. Егер өзімде сол оюдың аппараты болса қалаға барып, ою сатып алмай өзім ойып, осындай керемет дүниелер шығаратын едім. Инстаграм парақшама салып тұрамын. Тапсырыс қабылдап, жасаймын.

Гүлгүлдің жеті жасар қызы да  қайшы ұстап, тігін тігуді үйреніп жүр.  Ал осы  сауда үйіндегі қыз-келіншектер Гүлгүлге дән риза. Себебі оның еңбекқорлығы мен іскерлігі бәріне үлгі.

Қарлығаш Мамытова,  кәсіпкер:

- Қолынан барлығы келеді. Киім тігіуді де, құрақ көрпеше, жастық тыс, шалбар, көйлек қысқарту  барлығын істеп жатыр. Гүлгүлге өте ризамыз. Мүмкіндігі шектеулі деп ойлаған емеспіз. Әлде де болса грантты бірінші кезекте осындай азаматшалар алса нұр үстіне нұр болар еді.

Берік Тұрлыбеков, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:

- Биылғы жылға жалпы 50 адам құжат тапсырған. Жыл басынан бері он адамға грант берілді. Алдағы тамыз айынан басталады 15 адамға тағы грант бөлінетін болады. Мал шаруашылығын дамытамын, тігін цехын ашамын немесе тағы басқа кәсіпкерлікті ары қарай кеңінен елге насихаттаймын деген бағытта болатын болшса ол ары қарай жалғасын таба беретін болады.

Жалпы Биыл Түркістан облысында өз жобасын ұсынып, кәсіпкерлікті дамытамын деген 3 мыңға жуық азаматқа қайтарымсыз гарнт беріледі деп жоспарлануда. Олардың арасында нанын өз еңбегімен адал тауып, ешкімге қол жаймай отбасын асырап отырған мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы