Air Astana: рейстердің кешігуі әлі де жалғасуы мүмкін

Air Astana әуе компаниясының жолаушылар алдындағы міндетін мүлтіксіз орындау көрсеткіші 74 пайызға дейін төмендеді. Компания президентінің мәліметінше, кемшілік әуежайлардың қызмет көрсетуімен байланысты екен.

Пандемия кезінде көптеген әуежайдағы қызметкерлер саны қысқартылыпты. Жыл басынан бері жолаушылар саны артып, әуежайларда адам күші жетіспей жатыр, дейді. Одан өзге де себептерді жіпке тізді.

Питер Фостер, Air Astana компаниялар тобының президенті:
- Еліміздегі бірқатар әуежайлардың ұшу жолақтары жөнделіп жатыр. Жолаушылар саны артатын уақытта жолақтардың жабылуы және құстармен соқтығысу сынды кедергілер көбейді. Жыл басынан бері 63 рет құстармен соқтығысу жағдай тіркелді. Оның онында ұшаққа зақым кеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп.

Компания басшыларының мәліметінше, өзге халықаралық тасымалдаушылардың да қызмет көрсеткіші төмендеген. Осындай келеңсіздіктер үшін жолаушылардан кешірім сұраған жауаптылар, жағдайды оңалтуға күш салататын айтты. Осыған орай кестеден кешікке ұшақтың жолаушылары үшін арнайы жедел желі қызметі іске қосылыпты.

Александр Небога, Жердегі қызмет көрсету департаментінің вице-президенті:
- Біздің жоспарымыз бойынша ұшақтардың кестеден кешігу жағдайлары күздің ортасына дейін жалғасуы мүмкін. Себебі, жолаушылар саны азайған кезде ғана жағдай тұрақталады. Кешігулерді болдырмас үшін, рейстер санын азайтып, қосымша ұшақты іске қостық.

Өткен бір айда эйр Астана рейстері төрт рет кестеден кешіккен болатын. Жолаушылардың құқығы бұзылғаны үшін аталған компанияға 12 миллион теңге айыппұл салынды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Сондай-ақ...