Көкпекті Қарағандыға қосылады – Қарағанды облысы    

Көкпекті Қарағандыға қосылады – Қарағанды облысы    

Көкпекті бекеті жыл соңына дейін Қарағандыға қосылады. 122 түтіні бар бұл ауылда қазір 500-дей адам тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Станцияның әкімшілік-аумақтық мәселесі көптен шешімін таппай келген еді. Өйткені мұндағы үйлер облыс орталығына, ал жері Бұқар Жырау ауданына қарайды. Бөліністің не себепті бұлай жасалғанын ешкім білмейді. Бұл, әсіресе, коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру ісіне кедергі келтіретін.

Алена Степанова, Көкпекті бекетінің тұрғыны:

– Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша туындаған мәселелер ауыз су құбырын қайта жөндеуге біршама кедергі келтірді. Құбыр шіріп кеткен. Соның салдарынан апатты жағдайлар жиі болып тұрады.