Павлодарда қоғамдық орындарда хорхор тартқандар ұсталды

Павлодар полицейлері кальян шегудің 30 дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды бұзу фактілері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді. «Полиция қызметкерлері Усолка көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде хорхор тұтыну дерегін анықтады, онда кальяншы келушілерге ұсыну үшін кальян тартты. 22 жастағы павлодарлыққа қатысты ӘҚБК 441-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Осыған ұқсас бұзушылық Едіге би көшесіндегі басқа қалалық мекемеде анықталды, онда да 30 жастағы жас жігіт келушілерге хорхор ұсынды, ол да жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қайыров.

Айта кету керек, биыл Павлодар қаласының демалыс және ойын-сауық мекемелерінде полицейлер кальян шегудің 30 фактісін анықтады. Жыл басынан бері Павлодар өңірінде тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 169 дерегі белгілі болды.