Инсульт – қауіпті дерт

Инсульт жүрек-қан тамырлары ауруларына жатады.  Бұл кезек күттірмейтін қауіпті дерт. Бұл аурудың алдын алу әдістерін тек дәрігер ғана емес, кез-келген адам білуі тиіс, дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Фаст Тест» тәсілін есте сақтау қажет.

Ержан Әділбеков, Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы:

- Инсульттің белгілері болады. Оны фаст тест дейміз. Адамның беті қисайып, сөйлемей қаплса, қолы қозғала алдмай қалса, ең бірінші 103-ке хабарласу крек. Ол ең жақын инсульт орталығына алып барады. Онда «терапевт терезесі» деген бар. Ол 4 жарым сағатта тромбты дәрі жіберіп ерітіп жіберсе онда инсульттің ізі ден қалмайды. Алайда  елімізде 95 процент сол терезеге жете алмайды. Одан кейін оны оңалту қажет болады.

Дәрігерлер пандемиядан кейін инсультке шалдығатындар көбейіп кеткенін айтады. Өткен жылдың өзінде 400-дей операция жасалған. Өкінішке қарай, науқастардың көбі алғашқы көмек алуға жетпей көз жұмады, - дейді. Дерттің белгілері білінген сәттен 6 сағат ішінде көмек көрсетіліп, арнайы операция жасалса оның ізі де қалмайды екен.   Ең жақын инсульт орталығына жүгініп үлгерсеңіз ондағы «терапиялық терезе» қағидатымен жедел көмек көрсетіледі. Қазір еліміз бойынша 70-тен астам инсульттік орталық жұмыс істейді. Алайда бұның өзі аздық етіп отыр. Маман да тапшы, дейді сарапшылар.

Ал, денсаулық сақтау министрі аудандық ауруханаларда да инсульттік орталық ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазіргі өзіміздің жоспарымызда әлі де осындай инсульттік аудандық ауруханаларға жеткізу, халыққа «алты сағат» қағидаты бойынша инсультке шалдыққан адамға дер кезінде алғашқы көмек көрсететін орталықтар ашылады. Инсульттік орталықтарда невролог, реаниматолог, терапевттер жұмыс жасайды. 

Италиядан келген невролог Романа Фран­чес­ка Инсультті дер кезінде анықтай білсе, оның салдарынан туындайтын көптеген проблемалардың жолын кесуге болатынын айтады.  Алайда, көптеген адам инсульттің алғашқы белгілеріне назар аудармайды. Бас ауруы ғой деп қабылдап, сан соғып қалып жатады, дейді.   Мысалы, Италияда жыл сайын 100 мыңнан астам адам инсультке шалдығады екен. Соңғы 20 жыл ішінде бұл ауруға шалдығатындардың саны 45 мың адамға азайған. Себебі, түрлі дәрежедегі мемлекеттік мекемелердің өзінде инсульт орталықтары бар.

Романа  Франческа, Италия инсульт қауымдастығының басшысы:

- Бізде алдын алу шаралары тыңғылықты жүргізіледі. Әсіресе, темекі тартуды шектеу, үнемі қозғалыста болу сияқты салауатты өмір сүру салтын дәріптеу жұмыстары нәтижесін беріп жатыр. Осы арқылы инсультке шалдығатындардың санын азайттық. Бізде емханалардан бөлек, зауыт сияқты кейбір қызмет орындарында да инсульттің алдын алу кеңселері жұмыс істейді. Ақпараттық жұмыс қарқынды жүргізіледі.

«Қауіпті дерт жас талғамайды». Мамандар осылай дейді. Сол себепті  аурудың алдын алу маңызды. Ол үшін  салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану қажет. Ең бастысы күнделікті тұз бен қантты тұтынуды азайтқан абзал. Инсульттың алғашқы белгілері байқалған бойда дәрігерлік көмекке жүгіну керек.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Асхат Қарақойшы