Ағаштан түйін түйген петропавлдық шебер

Ғабиттің қолына түскен әр ағаш бұтағы лезде өзгеріп шығады. Табиғатпен үйлесім тапқан шебер олардан түрлі бұйым дайындайды.

58 жастағы Ғабит Темірбеков биология пәнінен сабақ береді. Ал қолөнермен бала күнінен айналысады. Мұндай идеяларды табиғаттың өзі тудырады, дейді шебер.

Ғабит Темірбеков, қолөнер шебері:

- Мына шырша қурап қалғанымен мұны да пайдаға асыруға болады. Ол үшін аса тер тегудің де қажеті жоқ. Тек өңдедік. Ал бұл үстел әлі дайындық үстінде. Барлығын жылтыратып, әдемілейміз.

Ғабит Темірбеков, қолөнер шебері:

- Міне мына бұйым ертегідегі сынған астауды елестетеді. Мұны дайындау үшін күш жұмсаған да жоқпын. Тек табиғаттың тамаша туындысын шынайы көре білу керек. Біздің айналамыз расында шығармашылыққа тұнып тұр.

Қолөнер шебері балық пен тасбақа өсіруді де қолға алыпты. Болашақта өнерге қызығатын жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, қолөнердің қыр-сырын үйреткісі келеді.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Нұргүл Ахметова, Руслан Әлиев