BINCLOUD қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

ҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, BINCLOUD қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды.

«BINCLOUD бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады. Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады», – делінген мәліметте.

ҚМА BINCLOUD бағдарламасына қатысып, зардап шеккендерді аумақтық департаменттерге немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.