476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан мен Вьетнам бағытында әуе рейсі қайта ашылады

  • 226
  • UPD: 14:37, 08.08.2022
Қазақстан мен Вьетнам бағытында әуе рейсі қайта ашылады ЛОУКОСТЕРОВ

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Вьетнам Социалистік Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл туралы комитеттің Facebook парақшасында жарияланды.

«Мәселен, вьетнамдық Vietjet Air ірі авиакомпаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Vietjet Air - Вьетнамның төмен бюджетті авиатасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2007 жылы бастады. 19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Авиакомпания паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар» делінген ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы