Маңғыстауда туристерге арналған алғашқы визит-орталық ашылды

Екі қабатты кешен Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағасында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құны 248 млн теңге болатын жаңа нысанды жергілікті кәсіпкер өз қаражатына салыпты. Визит-орталық күніне 100-ге жуық туристі қабылдай алады. Кешенде келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар мұнда жергілікті 15 тұрғын жұмыспен қамтылыпты. Алдағы уақытта бұл нысан өңірдің ең танымал орнына айналмақ.

Ерболат Байжігітов, жеке кәсіпкер:

- Жылдан жылға туристер саны ұлғайып, мысалы статистиканы қарасақ, былтыр 295 мың турист келді бізге. бұл тек қана қонақ үйлердің ақпараты бойынша. Ал бөлек, пәтер жалдап келген туристерді санамағанда. Осы туризмнің қарқынды дамуы – осы визит-центрдің салынуына себепкер болды.