476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» қаржыны мақсатсыз жұмсап келген

  • 197
  • UPD: 21:11, 08.08.2022
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» қаржыны мақсатсыз жұмсап келген

Түрлі штат ашып, міндеті нақтыланбаған лауазымдарға ақша бөлген. Оған қоса жөнсіз сыйақылар да тағайындалыпты. Облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің айтуынша корпорацияның соңғы үш жылдағы шығыны 2 млрд-тан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен 2019 жылы 718 млн теңге желге ұшса, 2020 жылы 779 млн теңге мақсатсыз жұмсалған. Ал мекеменің былтырғы шығыны 1 млрд теңгеден асып жығылады.

Жәнібек Қаражанов, облыстық Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Біз осы талдау нәтижесі бойынша тиісті кемшіліктерді жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде 30-дай ұсыным бердік. Аталған ұсынымдардың орындалу барысы әкімнің жанындағы комиссияда қаралды. Облыс әкімі тиісті тапсырмаларды берді. Осы ұстанымдардың орындалуы жөнінде есебін тыңдадық. Алайда әлі күнге дейін толық орындалмаған. Сәйкесінше қосымша тапсырмалар бердік. Енді берілген тапсырмалар толықтай орындалғанға дейін қатаң бақылауда болады.

Хабар 24 телеарнасы