Қазақстандықтар бұрынғыдай шайқор емес

Бұған статистика дәлел. Елде қызыл күрең шай мен қуатты кофе импорты бәсеңдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Кения, Үндістан, Ресей сияқты мемлекеттерден түрлі қоспасы бар 11 мың тонна шай алдық. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 21 процентке аз. Елімізде де қайта өңделген ыстық сусын өндірісі азайып жатыр. Жарты жылда 8,5 мың тонна өндірілді. Бұл алдыңғы жылдан 8,6 процентке төмен. Ірі кәсіпорындар Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысында шоғырланған. Бір жылда өндіріс көлемі 21 процентке азайыпты. Есесіне баға шарықтап барады. Биыл елдегі кофе құны 20 ал шай 17 процентке қымбаттаған.

ШАЙ МЕН КОФЕГЕ СҰРАНЫС АЗАЙДЫ

Өндірілді – 8500 тонна 8,6%-

Алматы - 4500 тонна 21%-

Шымкент - 2600 тонна 4,3%+

Алматы облысы - 973 тонна 83,2%+

Импорт - 17 300 тонна 5,9%-

Экспорт - 2 300 тонна 22,2%-

Ішкі нарық - 21 400 тонна /8%-  

Сондай-ақ...