476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шетелдік көлік көбейді

  • 174
  • UPD: 21:29, 08.08.2022

Қазақстанға өзінің жеке көлігімен келетін шетелдіктердің саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристер жай ғана келіп кетпей, темір тұлпарларын қазақстандықтарға сатады екен. Бұл жайында мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Көбіне Грузия мен Әзербайжан елдерінің көлік саудагерлері келеді. Ал Евразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің автокөліктері шетелік тауар болып есептеліп, салықтық қадағалауға жатады. Сондықтан бұндай темір тұлпарды сатып алған қазақстандықтар 1 жыл ішінде баж салығын төлеуі тиіс. Комитеттің хабарлауынша, отандастарымыз кедендік тазартудан өтуге асығар емес. Мәселен, жыл басынан бері рейдтік шаралар барысында тиісті төлемі жасалмаған 124 көлік табылған екен.

Айнұр Сартаева, ҚР Қаржы министрлігі мкк басқарма басшысының орынбасары:

- Көбінесе Грузия, Әзербайжан елдерінің азаматтары екені белгілі болып отыр. Ол азаматтар көп жағдайларда, мониторинг жасасақ, олар уақытша кіріп жатырмыз деп кіріп, біршама уақыттан кейін автокөліктерін еліміздің аумағында тастап кетеді да өздері қайтадан еліне шығып кететіні анықталып отыр. Нақты дерек, ол автокөлікті алып келе жатқанда о баста еліміздің азаматымен ауызша келісім шарт болған және ол осы автокөлікті еліміздің аумағында тастап кету үшін әкелгені белгілі болып отыр.

КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ЕСЕПКЕ ҚОЙҒАН

Ал осы шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз есепке қою бойынша ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті 7 облыста қылмыстық істерді тергеу кіріскен. Полицейлердің қатарында құқық бұзғандар жауапқа тартылуда. Ведомствоның мәліметінше, соңғы 3 жылда 2 мыңнан астам көлік құралы заңсыз тіркелген. Салдарынан мемлекетке 10 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Тәртіп сақшылары жүргізген  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласындағы кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын заңсыз есепке қою схемасының жолы кесілді. Ал қалалық полиция департаментінің Процессинг орталығының 2 қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы