476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде автокөліктер реэкспорты артты

  • 235
  • UPD: 21:13, 08.08.2022
Елімізде автокөліктер реэкспорты артты

Биыл жарты жылда шетелге 269 миллион долларға бағаланған 29 мың автокөлік сатылды.

Грузияда ең көп автокөлік сатып алатын үш елдің қатарында Қазақстан да бар. Руставидегі базарда арнайы қазақ үй тігілген. Бұл жерде еліміздің тұрғындарына темір тұлпар таңдауға көмектесетін кеңсе ашылмақ. 

Васо Урушадзе, көлік саласының сарапшысы:

- Үш ел Қазақстан, Армения және Ресейдің арқасында реэкспортымыз өсті. Бұл Ресейге салынған санкциялардан туындаған үрдіс. Осыдан кейін бәрі Грузияға назар аударды. Бізге машиналар америкадан келеді, кейін олар бізден осы елдерге түседі.   

Былтырмен салыстырғанда, сатылған көлік саны 9%-ке артса, қаржылай табыс 31%-ке өскен. Экспортқа кететін автокөліктің орта бағасы артты. Қазақстандықтардың айтуынша, Грузияда өзге нарықтармен салыстырғанда машинаға таңдау мол.  

Ақжол Тілендиев, Қазақстан азаматы:

- Осыдан екі ай бұрын Инстаграмда Грузиядан Қазақстанға көліктер жіберіп жатқанын көрдік.  Өзіміз де сайттарда машиналардың бағаларын салыстырып, осында келуге бел будық. Енді Инстаграм арқылы клиенттерге машиналарды жіберіп жатырмыз. Бізге де тиімді, өз қызметіміз үшін ақша аламыз. Клиентке де жақсы әрі арзан көлікті сатып алады.  

Осыған байланысты Грузия елдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға тырысып келеді. Елде жаңа автобандар мен тоннельдер салынып жатыр. 

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы