476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Арқаның алқызыл апорты

  • 173
  • UPD: 22:07, 08.08.2022

Алғашқы апорт ағашын Ержан Исақұлов осыдан 18 жыл бұрын еккен. Жыл сайын үздіксіз жеміс бере бастағанына 10 жылдан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұқымын оңтүстіктегі Төле би ауданынан әкелген. Жерсіндірмес бұрын алма бағының айналасына биік талдар егіп ықтаған. Желі ызғарлы әрі суық өңірде алма бағын баптау оңай жұмыс емес, дейді зейнеткер.

Ержан Исақұлов, қала тұрғыны:

- Осында көшіп келгеннен кейін ең бірінші қайың менен қарағайларды өсірдім. 2-3 жылдан кейін алма ағаштарын алып келіп отырғыздым. Бұл жерде қыс қатты. Қысқа қараған кезде шөппен қоршап, қатты жел болады. Сындырып кетеді, қар көп түседі.

Бұл – Бота. Баушы апорттың өзі шығарған осы сұрпына жұбайының есімін берген. Жаңа сортты Алматыдағы Биология және биотехнология институтының мамандары геномдық талдаудан өткізіп, патент сертификатын табыстаған.

Ержан Исақұлов, қала тұрғыны:

- Мен сертификат алған күні 17 қазан күні менің жұбайым Бота ол кезде әпкесімен шетелде демалыста еді. Ол кісіге сыйлық жасайын деп, отельдің адамдарына хабарласып айттым. Сертификатты өзіне гүлмен берсеңіздер деп.

Аумағы 20 сотық аулада 15-тен астам алма ағашы бар. Алдағы уақытта инвесторлар тарапынан коммерциялық ұсыныстар болып жатса, жемісті нарыққа да шығаруым мүмкін, дейді әуесқой бағбан.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Тоқтар Терлікбаев

Хабар 24 телеарнасы