Сал ауруына шалдыққан балаларды қалай емдеу қажет

Гидротерапия – сал ауруына шалдыққан балаларды емдеудің ең кең таралған әдістерінің бірі. Бірақ жәй сумен шомылу бір бөлек, тұзды теңізде шомылу бір бөлек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай суда дене салмағы бірнеше есе азаяды, ал жүктеме барлық бұлшықеттерге біркелкі бөлінеді, - дейді «Жетістік аумағы» орталығының мамандары. Мұндай оңалту шаралары балаларға айтарлықтай нәтиже береді.

Әсел Нұрдинова, көпбалалы ана:

- Теңіз жағалауында өтетін ем, балаларға жақсы қонады. Теңіздің ауасы өте пайдалы біздің балаларға. Судағы қанша минералдар бар, ол да балалардың ағзасына өте пайдалы. Жүрмейтін болғаннан кейін оларға әрдайым қимыл жасау керек.

Дәл осы себепті орталық «Балаларға теңізде демалуды сыйла» қайырымдылық жобасын бастады. Ұйымдастырушылар әзірге он баланы аналарымен бірге жіберуді жоспарлап отыр. Алайда қаражат қолбайлау. Қазір бар болғаны бір жарым миллион теңге жиналды.

Рымгүл Өтепова, қоғамдық бірлестік жетекшісі:

- Оңалту бағдарламасы  гидросауықтыру тізбегінен тұрады. Ашық теңіз кеңістігінде, бассейнде сабақ өтеді. Сондай-ақ құм терапиясы да бар. Бұл ұсақ моториканы дамытады. Балалардың эмоциясына бағытталған  арт-терапияны іске қосқымыз келеді. Балалар сауықтыру ғана емес, сонымен қатар демалыс форматында психологиялық қолдау алады.

Әзімжан Исаев, «Жетістік аумағы» орталығының қызметкері:

- Оған логопедиялық массаж, логопедияның өзі кіреді. Содан кейін жаттығу терапиясы механотерапиясы сонымен қатар аппараттық және қол терапиясын қамтиды. Мұнда бәрі кешенді және онда жұмыс істейтін әрбір маман осы балаға әсер ететін белгілі бір тапсырма мен функцияны пайдаланады.

Жиналған қаражат тек әуе билеттерін сатып алуға жұмсалады, - дейді ұйымдастырушылар. Балалардың ата-анасымен барып тұратын баспана мәселесі шешіліп қойған. Түркиядағы риэлторлық компания балаларды теңіз жағасындағы үйлерге тегін орналастыруға дайын.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев