Алматыда 100 жастағы ҰОС ардагері салауатты өмір салтын ұстанады

Ұзақ жасағыңыз келе ме? Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны Ізгілік Дабаев 125 жасқа дейін өмір сүрсем дейді. Осы мақсатқа жету үшін ғасыр жасаған ақсақал салауатты өмір салтын ұстанып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзінің жасына сай жаттығулар жасап, жыл сайын медициналық бақылаудан өтудің маңыздылығын айтудан да жалыққан емес. Қазіргі уақытта қария клиникалардың бірінде кезекті реабилитациядан өтіп жатыр. Ізгілік ақсақалды айналасындағылар аңыз адам дейді. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, Берлинге дейін жеткен. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлымен де таныс болған. Климент Ворошилов, Константин Жуковпенде кездескен екен.   

Асқат Қабдешов, травматолог, жоғары санатты ортопед:

Сталиннің қабылдауында болған. Маршалдардың көбінің аты-жөнін біледі. Қай күні, қандай маршалмен кездескенін әлі ұмытпапты. Қария өмірбаяны өте бай адам. 

Жарты жыл бұрын Асқат Қабдешов бастаған клиниканың дәрігерлері құрметті зейнеткерге жамбас-сан буынына эндопротездеу операциясын жасаған. Кез келген операция қауіпті саналады. Бірақ дәрігерлер мен ардагер жақсы нәтижеге қол жеткенін айтады. 

Асқат Қабдешов, травматолог, жоғары санатты ортопед:

– Жасы мен өзге де созылмалы ауруларын ескеретін болсақ, операция қиын болды. Бұл операция тек қана менің еңбегім емес. Бұл түгел біздің ұжымның, ассистенттердің жетістігі. Біз үлкен механизмнің бөлшегіміз. Бір бөлшегі болмаса, механизм жұмыс істемейді.

Ізгілік Дабаев, 100 жасаған қария:

Қалым жаман емес. Жақсы. Денсаулығым да дұрыс.-Дәрігерлер, медбикелерде дұрыс қарап жатыр. Емделген жақсы.

Ізгілік Дабаевтың 100 жасауының сыры –оның белсенді өмірлік ұстанымында. Жүрісі ширақ, зердесі мықты ақсақал Журналистер одағының мүшесі. Ұзақ жыл Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің наградалар бөлімін басқарған. «Ғасыр жасаудың құпиясы әуелі қанмен берілетін қасиет, содан соң ешқашан еңсеңді түсірмеуде», дейді ардагер.

Авторлары: Индира Оразалинова, Ұлан Нарынбек, Қарлығаш Меңаяқова, Эдуард Кон