Атырау облысында лотос гүлдеді

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш-Шора өзенінде лотос гүлдеді. Гүлдеу маусымы шілденің ортасынан тамыздың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың керемет көрінісін қызықтау үшін күніне 50-ге жуық турист келеді. Аумағы 5 мың гектар болатын алқап қазір ерекше қорғауға алынған. Десе де туристердің арасында гүлді жұлып, зиянын тигізетіндер де бар. «Сондықтан құзырлы органдар тарапынан бақылау болса» – дейді жергілікті билік өкілдері. Мұнда келгісі келетіндерге 4 кәсіпкерлік нысан қызмет көрсетеді. Осы жылдың соңына дейін тағы екі туристік базаның құрылысы аяқталады. Ішкі туризмді дамыту мақсатында мемлекет тарапынан тағы 7 кәсіпкерге жер телімі берілген.