«Сырым» шекара бекетінде 100 келіден астам бекіре уылдырығы тәркіленді

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шекара қызметкерлері жүзім тиелген «Вольво» автокөлігін тексеру кезінде жапсырмамен оралған күмәнді 8 қорап тапқан. Онда бекіре уылдырығы жасырылғаны белгілі болды.

«БҚО ПД, табиғат қорғау полициясы және шекаралық нарядпен бірлесіп бекіре балығының қара уылдырығы бар 399 банка тәркіленді. Салмағы шамамен 100-120 келі. Бағалау құны – 50 млн теңге» делінген хабарламада.

Көлікті Қазақстан Республикасының азаматы басқарған. Ол тыйым салынған тауарды шетелге шығармақ болған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Авторы: Еркебұлан Смадияров

Сондай-ақ...