«Жеңіс» жобасының аясында ардагерлер пойызға тегін мінеді

Былтыр 200-ден аса Ұлы отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккері теміржол көлігімен тегін жүру мүмкіндігін пайдаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игілігі сезілген ілкімді іс биыл да жалғасын таппақ. «Жеңіс» жобасының аясында қамкөңіл қариялар Қазақстанда ғана емес барлық ТМД елдерінде темір жолмен тегін сапарлай алады. Одан бөлек, еріктілер де ардагерлерге көмекті үдетеді. Дәлірек айтсақ, жыл бойына 1400-ге жуық ардагерге көмектесу көзделген. Оған 500 ерікті атсалысады. Олар қариялардың үй-аулаларын тазалап, қолғабыс болумен, көңілдерін көтерумен айналысады. Сондай-ақ тұрмыстық техника, мүгедектер арбасы және есту құралдарымен қамтамасыз етеді.