Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды

Ақтау қаласының әкіміне қоқыс шығару жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін сөгіс жарияланды.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық кеңес өткізіп, облыс қалалары мен аудандарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар шығару және санитарлық тазалық мәселесі қаралды. Соңғы уақытта ақтаулықтар тарапынан шашылған қоқысқа қатысты шағымдар артқан. Оны өңірге келетін туристер мен жергілікті жұртшылық шашатын көрінеді. Қазір тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауы қалаға жақын маңда орналасқан Мұнайлы ауданы және Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындарын да алаңдатып отыр. Жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкіміне, оның орынбасарына және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.