Елде мобильді интернетпен қамтылған ауылдар саны артып келеді

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеудің қорытындысына сай былтыр елді мекендердің мобильді интернетпен қамтылуы 90,6%-ке дейін өскен.

Ғаламторға қол жеткізу көрсеткіші бойынша аймақтар арасында Павлодар, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстары алда келеді. Бұндай нәтижеге ие болуға «250+» бағдарламасы сеп болған. Жоба аясында әрбір оператор өзінің базалық станциясын орнатып, ауылдарды мобильді интернетпен қамтыған. Осылайша «Теле2» операторы қаңтар айына дейін шалғайдағы елді мекендерге 333 базалық станция орнатқан. Бұл ауыл аймақтарда интернетті тұтыну көлемі 1,3 петабайтқа дейін жетті. Ал Kcell былтыр 212 станциясымен 213 ауылға интернет жеткізген. 

ГРАФИКА1

ТАҚЫРЫП: АУЫЛДАРДЫ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ

2020 ЖЫЛЫ - 84,9%

2021 ЖЫЛЫ - 90,6%

ПАВЛОДАР, ҚАРАҒАНДЫ, ЖАМБЫЛ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТАРЫ

 

ГРАФИКА 2

ТАҚЫРЫП: 250+ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТЕЛЕ2 – 333 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ

ИНТЕРНЕТТІ ТҰТЫНУ КӨЛЕМІ - 1,3 ПЕТАБАЙТ

KCELL – 212 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ

                 213 АУЫЛ