Атырау облысында 42 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі Атырау облысында 42 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сыбайластықтың басым бөлігі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен анықталды. 42 лауазымды тұлғаның 27-сі полиция қызметкері. Облыс орталығында 35 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал сыбайластыққа жол берген 7 адам аудандардан анықталды.

Жәнібек Қаражанов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Облысымызда 42 лауазымды тұлға, олардың барлығы да басшылар, қарамағындағы қызметшілердың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Тәртіптік жауапкершілік, оның ішінде әр түрлі тәртіптік жауапкершілік бар. Ескертуден бастап, жұмыстан босатуға дейінгі тәртіптік жазалар. Осы тәртіптік жазалардың бәрі де қолданылды.