Механиктің маңдай тері

Ақжайық ауданына іс сапармен барар жолда көлігімізден ақау байқалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чапаев ауылына жеткен бойда жергілікті тұрғындардың бағыттауымен жас механикке бардық. Ескі алдында көлік оңдап жатқан Сағынғали бізді көріп, аман-саулық сұраса кетті. Жөнімізді айтқан соң, шаруасын тастап, темір тұлпарымызды тексеруге көшті. 

Газ келетін шланганың пластмассасы сынып кеткен мына арада. Если газбен жүретін болса, далада қалып қоясыздар. Қазір міндетті түрде ауыстыру керек.

Сағынғали бала күнінен техника жөндеуге әуес болған. Әсіресе, көлікке қызығушылығы ерекше. Мектеп бітірген соң ауылдағы училищеде оқып, механик мамандығын алып шыққан. Сол кәсіби білімін кәдеге жаратып, шағын автосервис ашып қойыпты. Табысы тәуір, өйткені ауыл күре жолдың бойында орналасқандықтан жол-жөнекей соғатын көлік көп.

Сағынғали Уаисов, механик:

- Сол көп болған жоқ біздің ашқанымызға. Где то бір жылдың үстіне шығып кеткен болар. Арғы бет жақтардан келеді. Көнеккеткен, Кеңсуат деген жерлерден. Тайпақ жақтардан келетін бар. Өтіп бара жатып, сынып қалатындар келеді. Жайлап-жайлап шығарып береміз. Орташа есеппен 5-6 мыңға шығады бір көлікті шығарғанға.

Отбасыдағы жалғыз кіріс көзі – осы. Механик табыстың адал еңбекпен келгенін қалайды. Оның үстіне туып-өскен ауылындағы қолайлы мүмкіндікті пайдалануды, әрі сүйікті ісімен айналысуды жөн көрген.

Сағынғали Уаисов, механик:

- Істеймін деген кісіге, жұмыс істеуге болады. Білу керек, үйрену керек. Проблема жоқ. Істесең, қай-қай жерде де болады ғой. Ұнайды. Любой жұмысты жақсы көріп істесең, бәрі де ұнайды ғой.

Сағынғали аз уақыт ішінде біздің көліктен бөлек, тағы бір көлікті жөндеп бітірді. Ол осылай күн сайын кемінде 3-4 көлік оңдайды екен. Кейіпкеріміз алдағы уақытта шағын автосервисін кеңейтуді армандайды.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов