476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тұқым мәселесі талқыланды

  • 157
  • UPD: 15:39, 10.08.2022
Тұқым мәселесі талқыланды

Елдегі егіс алқаптарында тұқым мәселесі әлі де өзекті. Шаруаларға жоғары өнімді әрі төзімді сорттар қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғылыми стандарт бойынша тұқым сорттары 5-7 жыл сайын жаңартылып тұруы тиіс дейді мамандар. Әйтпесе астықтың түсімі төмендеп кетеді. Дегенмен қазір отандық шаруалардың тұқым ауыстыруға мүмкіндігі аз.

Осыған орай, бүгін 1 мың 500-ге жуық шаруа мен сала ғалымдары бас қосты. Онлайн өткен жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен білікті аграномдар қатысып, жаңа сортты тұқымдар мен озық агротехнологиялар таныстырылды. Сонымен қатар сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа тұқым түрлерін өсіру бағытындағы инновациялық зерттеулерінің нәтижесін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы