Ақтөбедегі Абай көшесінде ән қалықтады

«Мен Абайды оқимын». Ақтөбеде ұлы ақынның есімі берілген көшеде әдеби-сазды кеш өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңертеңнен ескерткіш алдында хакімнің өлеңдері, қара сөздері оқылып, әндері шырқалды. Ел ағалары, ақын-жазушылар сөз алып Абайдың шығармашылығы жөнінде тағылымды әңгімелер айтты. Әдебиетсүйер қауым үшін көрме де ұйымдастырылған. 

Жақсылық Айжанұлы, ақын:

Абайдың бүгінгі, кешегі, болашақ ғасырға берері көп. Оның өлеңін, қара сөздерін оқыған сайын тың дүниені, ойды әлемнің көкжиегін кезе бересің. Ғасырлар бойы халыққа рухани азық болатын, білмегенін білдіретін, жүрегіңмен сезбегенді сездіретін, бір бағыт беретін үлкен туындылар ғой. Сондықтан Абайдың әр кітабын парақтаған сайын жаңа бір әлемге енгендей боласың.