476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлытау облысына жүрдек пойыз қатынайды

  • 176
  • UPD: 20:05, 10.08.2022
Ұлытау облысына жүрдек пойыз қатынайды

Осыған дейін тек асықпайтын пойыздар жүрген Ұлытау облысына қыркүйек айынан бастап «Тальго» жүрдек пойызы қатынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті. Яғни «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және «Алматы-2 – Жезқазған» бағыттары ашылады. Алматы пойызы 5 қыркүйекте жолға шықса, елордадан жүретін тасымалдаушы таяуда анықталады. Бұл пойыздар күн ара қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы