Елде бірінші жартыжылдықта 3 млн-нан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушы тіркелді

Алты айда аумақтық департаменттер зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға 1 млн 233 мың іс макетін қараған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,7%-ке артық. Мүгедектерді сырттай куәландыру пилоттық жобасы аясында өңірлерде 31,9 мың өтінім қаралған. Мамандардың пікірінше, сырттай куәландыру – үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеуге, әкімшілік кедергілерді жоюға, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға сеп болмақ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бірінші жартыжылдықта 606 тексеру жүргізіліп, 2,6 мың бұзушылық анықталған. 146 бақылау субъектісіне 27,8 млн теңгеге айыппұл салынды.