Абай күні. Алматыда хакім шығармаларын дәріптеген шара өтті

Арттағыға сөзің мен ісің қалса. Алматы кітапханалары мен музейлері де бүгінгі Абай күнін шығармашылыққа арнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық кітапханада ұлы ойшыл жайында жазылған кітаптар мен оның өз туындыларының көрмесі өтті. Театр әртістері Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Әндерін орындады. Кеш «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» деп аталған. Ал сөз алған қауым «Абайсыз қазақты елестетуге болмайды. Абай қай кезде де ескірмейді. Абайды қай кезде оқысаңыз да жаңа» дейді. 

Қали Сәрсенбай, «Ана тілі» газетінің бас редакторы:

– Қарапайым мысалмен айтайын мысалы, адам ауырған кезде жалпы адам өзінің денсаулығын дұрыстау үшін түрлі витаминдер ішеді ғой, дәрумендер. Енді сол аурудың алдын алу үшін рухани дәрумен керек. Ең алдыменен рухани жан дүниесі таза адам рухани таза адам меніңше ауруы аз болады. Сондықтан Абайды оқу керек. Абайдан асқан рухани дәрумен жоқ.