Биыл республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жөнделеді

Жалпы биылдыққа республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жөнделеді. Оның 4 мыңында күре жолда қайта жаңарту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымы тас жолдарды орташа және күрделі жөндеуден өткізу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, құрылысы ұзаққа созылған күре жолдарда жұмыс қайта жанданды. Олардың қатарында «Қарағанды – Балқаш», «Қалбатау – Майқапшағай», «Атырау – Астрахань», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және мұның алдында көрсеткен «Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы», «Өнеге – Бейсен – Сайхин» аралықтары бар. Жалпы елде республикалық маңызға ие 25 мың шақырым жол бар.