Елордада жүргізушілер жауыннан номерлерін жоғалтты

Кеше елордада жауған жауын жаяу жүргіншілерге ғана емес көптеген көлік иелеріне кедергі келтірді.

Су басқан жолдарда біраз темір тұлпар иесі мемлекеттік нөмірлерін жоғалтқан. Кейбірін тауып алған адамдар Ұлы дала мен Тұран көшелерінің қиылысқан тұсындағы гүлзарларға қойып кетіпті. Ал мына бір жүргізуші коммуналдық қызмет жұмысшылары суды толық сорып алуын күткен сыңайлы. Жолдың жиегінде тұрған көлігін лезде су басып қалған. Тіпті жауын суы машинаның салонына да кіріп, іштегі құрылғыларды зақымдаған. Бүгін де елордада күн күркіреп жаңбыр жауады. Сондықтан жолда сақ болыңыздар.