Павлодар облысында жол апаты азаймай тұр

Павлодар облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмды. Тағы 13 жолаушы жарақат алып, ауруханаға түскен.

Оқыс оқиғалар жүк көліктері жиі жүретін жолдарда болады. Жуырда ғана Павлодар-Қызылорда бағытындағы трассада ірі апат болып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Жүк тасымалдайтын көліктер көп жүретін жолдарда алдын алу шаралары күшейтілді. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері күндіз-түні кезекшілікке шығады. Мамандардың айтуынша, ұзақ жолға шыққан жүргізушілердің көбі рульде ұйықтап кетеді немесе аяқасты қан қысымы көтеріледі. Сондайда дәрігердің көмегі қажет болады. 

Ариф Надиров, жүргізуші:

- Кей кездері шекарада ұзақ уақыт тұрамыз. Кейін қалаға жетеміз деп ұйықтамаймыз. Сол кездері апатқа ұшырауымыз мүмкін. Өз басым уақытында демаламын. Себебі жол ұзақ. Ресейдің Томск қаласынан ағаш материалдарын тасымалдаумен айналысамын.

Айдар Сламбеков, Павлодар қаласы ЖПҚ бастығының орынбасары:

- Көлік көп өтетін жол учаскелері жіті назарымызда. Жол жабындысының сапасы, жүк көліктерінің техникалық жағдайы жіті бақыланады. Мәселен, осы жерде дәрігерлер кезекшілік атқарып жатыр. Денсаулығы сыр берген көлік киелеріне көмек көрсетеміз. Сонымен қатар шетелдік жүргізушілерге ескерту жасап, жол ережелерін түсіндіреміз.