Волонтерлерге мемлекеттік наградалар беріледі

Бұл туралы заңға да бірқатар өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар волонтерлік қызмет жұмысқа орналасу кезінде ескерілетін болады. Игі іспен айналысатын ұйымдарға жеңілдетілген шартпен мемлекеттік мүлік беру қарастырылады. Бұл олардың үй-жай проблемасын шешуге мүмкіндік береді дейді жауаптылар.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет тағы бір жақсы жаңалықты жеткізді. Кәмелетке толмағандардың да еріктілер қатарында болатыны ескеріліп, енді заң аясында олар үшін денсаулықтары мен дамуына қатер төндірмейтін волонтерлік қызмет түрлері нақтыланады.