ШҚО-да зиянды қалдық ауаны ластап жатыр

Бұл жерде сонау 1940-жылдары металлургиялық өндірістің қалдықтары сақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның жер астындағы бөлшектері қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатыр.  Бір топ ғалыммен зерттеу жұмыстарын жүргізген Алексей Божков осылай дейді. Енді қоғам белсендісі қауіпті аумаққа ескерту белгілерін орнатуды талап етіп отыр.    

Қоғам белсендісі Өскемен әкімдігін сотқа берді. Қала аумағындағы мемлекеттік ұйымдарға олар жауап береді. Бұған дейін радиобелсенді дақтарды жоюмен табиғи ресурстар басқармасы айналысқан. Олар 20 ластанған аумақты залалсыздандырды. Бұл жұмысқа жыл сайын бюджеттен 100 млн теңгеден бөлініп тұрды.  

 

 

 

Экологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Геннадий Корешковтің айтуынша, қазір қалада радиациядан ластанған 8 нүкте бар. Экология кодексінің жаңа талаптары бойынша оларды қатерсіздендіруге жергілікті билік өкілдері, яғни қалалық әкімдік жауапты.

Геннадий Корешков, Экологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

- Егер қалалық әкімдік осындай ұсыныс жасаса, онда ол табиғат қорғау шараларына енгізіледі. Жаңа экологиялық кодекске сәйкес атмосфералық ауаға зиянды заттардың эмиссиясы үшін барлық аударымдар енді аумақта қалады және тек табиғатты қорғау іс - шараларына жұмсалуы тиіс.  

Экологтар мен құқық қорғаушылар: «енді радиациялық дақтар «құпия» емес, тіпті ең аз радиациялық қауіптің ошақтарын жою керек»,- деген пікірмен толық келіседі. Ал, қалалық әкімдік қызметкерлері сотқа байланысты ешқандай түсініктеме бермеді. Қазір ластаушы кәсіпорындар қаржыландырған табиғат қорғау акцияларының бюджеті 20 миллиард теңгеден асқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, радиация ошақтарын жоюға ақша табылмапты.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вяеслав Ветлугин, Жігер Бабақанов