Jusan Singularity жобасының жемісі

Заман талабына сай мамандарды дайындау және оны ел игілігіне пайдалану үшін Jusan банкі ерекше форматтағы оқыту бағдарламасын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, айти саласындағы жас мамандардың басын қосып, үздік өнертапқыштар және айтулы  менеджерлер көмегімен бірлесе біліктілікті шыңдады. Кейін жобаға қатысушылар түгелдей жұмысқа қабылданды.  

Махамбет Төрежан, Jusan Singularity жобасына қатысушы:

- 4 ай болды. 4 айдың ішінде  JAVA бэканд деген бағытта оқып жатырмыз. Бітірдік. Бүгін соңғы күн. Осында енді разработка жағы жақсы дамыды. Жусанға барып енді ары қарай дамытам.

Jusan Singularity жобасының қатысушыларына 100 мың теңге көлеміндегі сыйқақы қарастырылған. Бұған қоса, толықтай жұмыспен қамтылады. Арнайы бағдарлама Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылды.  Оған 6 мыңнан аса адам қатысуға ниет танытқан. Бірақ, 150-і ғана барлық сынақтан сүрінбей өтіп, соңына дейін жетті.

Ғабит Нұркенов, Jusan bank басқарма төрағасының орынбасары:

- Жусан тобы өз экожүйесін жетілдіруге ерекше мән береді. Тіпті, айтй компания ретінде қалыптастық десек те болады. Біз Қазақстан нарығына қандай мамандар қажеттігін және оларды қалай оқыту қажеттігін жақсы түсінеміз. Сәйкесінше, осы бағытта кешенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Елорданың өзінде 43 жас маманға арнайы сертификат табысталып, Jusan банкке жұмысқа қабылданды. Бұған дейін Алматыда да дәл осылай арнайы курстан 100-ге жуық қатысушы өткен болатын.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Битабаров

Сондай-ақ...