476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сарапшы: Бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтылмай отыр

  • 181
  • UPD: 14:22, 12.08.2022

Елордалық бүлдіршіндердің 40 проценті ғана балабақшаға барады. Қоғам белсенділері оқу-ағарту министрлігінің балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштерін асырып жібергеніне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үздіксіз білім беру қауымдастығының басшысы Лейла Көленованың айтуынша, министрлік тек кезекте тұрғандарды есепке алып, өздеріне ыңғайлы әдісті қолданып отыр. Ал әлемдік тәжірибеде қалада тұратын мектеп жасына дейінгі балалардың барлығы есепке алынады. Қазір елордадағы мемлекеттік балабақшалар лық толы. Яғни топтарды кеңейту қажет. Тіпті жаңа тәрбие ошақтарын салып, инфрақұрылымды дамыту маңызды.

Лейла Көленова, үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы:

– Қаладағы балабақшаларға 51 мыңнан асатын балғын барады. Жеке және мемлекеттік нысандарды бірге есептегенде. Тағы 55 мың бала кезегін күтіп отыр. Ал министр бүлдіршіндердің 99 проценті мектепке дейінгі біліммен қамтылды дейді. Біздің есебімізше, шын мәніндегі көрсеткіш 2 есе аз.

 

Хабар 24 телеарнасы