Петропавл тұрғыны қалқымалы кеме құрастырумен айналысады

Петропавлда қалқымалы кеме құрастыратын кәсіпкер бар. Виталий Анисифоров қазір де құр отырған жоқ. Есіл өзенінде жүзетін 19 метрлік алып су көлігін жинап жатыр.

Тек кәсіпкер бұл жобасы жергілікті билік тарапынан қолдау тапса дейді. Өйткені істің қиюын тапқанымен, оны іске асруда біраз қиындық бар. 

Айдын көл мен самал жел. Петропавлдағы Алакөл көліне келген демалушылар кемеге мініп, керемет көріністің куәсі болады. Судың ортасынан жарда тұрған қала қайталанбас кейіпке енеді.  

Лилия Суслова, қала тұрғыны:

- Бұл кемеге бірінші рет мініп тұрмын. Маған ұнады. Жақында Еділ өзенінде болғам. Онда да осылай. 

Бұл қалқымалы кемені қала тұрғыны Виталий Анисимов бір қыста жасап шығарды. Ұзындығы 9 метр. Ал салмағы 4 тонна тартады.  

Қазір кәсіпкер тағы бір қалқымалы кемесін құрастырып жатыр. Бұл жолғысы 16 метр болады. Әзірге оның қаңқасы ғана жиналған. 

Виталий Анисифоров, кәсіпкер:

- Барлық бөлшегін өзіміз дәнекерлеп құрастырамыз. Ал құрал - жабдықтары мен қосалқы бөлшектерін сатып алып орнатамыз. Бұл кеме Есіл өзеніне арналған. Оның бойында қайталанбас орындар жетерлік.

Өкінішке орай, кәсіпкердің жобасы жергілікті билік өкілдерін қызықтырмай тұр. Виталий Анисифоров ауыр кемесін көктем сайын құрастырып, күздің соңында қайтадан жинап әкетеді. Сондықтан жағалаудан жалға жер сұрайды.   

Виталий Анисифоров, кәсіпкер:

- Кемеге тұрақ керек. Жыл сайын құрастырып жинау қып – қызыл шығын. Ал қазір құрастырып жатқан кеме бүдан да ауыр. Онда қайтеміз!? Бұған дейін әкімдік қызмектерлерімен кездесіп сөйлескенбіз. Бірақ жауап болмады. 

Бұл облыстағы осындай жалғыз жоба. Кәсіпкер қазір жинап жатқан кемесін Есіл өзеніне келесі жылы жіберуді жоспарлап отыр. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев