476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада үздік құрылысшылар марапатталды

  • 168
  • UPD: 09:49, 13.08.2022

Елордада қазақстандық құрылысшылар бас қосты. Үздіктері құрметке бөленді. Төл мереке қарсаңында еліміздің әр өңірінен келген барлығы 50-ге жуық маман төсбелгімен және алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бесеуі «Құрметті құрылысшы»және 30-ы «Еңбек сіңірген құрылысшы» атағын алды. Салтанатты шараға Қазақстан құрылысшылар одағы ұйытқы болды. Бүгінгі таңда Одақ саладағы 1200-ден астам кәсіпорынмен бірге жұмыс істейді. Шамамен 250 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

- Қазіргі уақытта мына бірінші мәселе өзіміздін құрылысшыларға арзан ипотека жоқ, қаражат жоқ, сондықтан  кейбір құрылысшылардың қарқыны төмендеп жатыр. Екінші мәселе өкіметтін тапсырысын істеп жатқан мекемелерге ұақытында қаражатын төлеу керек.

Хабар 24 телеарнасы