Жамбыл облысында балалар сауықтыру лагері маусымды аяқтады

Жамбыл облысындағы балалар сауықтыру лагерінің бірі биылғы жазғы маусымды аяқтады. Сарысу ауданында орналасқан демалыс орны осы жылы 1 мыңға жуық оқушыны қабылдады. Олардың арасында жетім балалар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Демалушыларға онда барлық жағдай жасалған. Айта кетейік, аталған лагерь бірнеше жылдық пандемиядан кейін өз жұмысын қайта жалғастырды.

Ұлықбек Ербол, оқушы:

Осы Жұлдыз лагеріне 5-рет келіп отырмын. Мұнда қызық нәрселер болады күнде. Сахналық көріністер, жарыстар, эстафета болады. Күнде бассейнге барамыз. Әрқашан да осы отряд болып жабылып, бірге жарысамыз. Бас жүлде алуға тырысамыз.

Қарлығаш Қанапина, сауықтыру лагері директоры:

Бізде бұл жерде жан-жақтан балалар демалады. Тараздан, Жаңатастан, Қаратаудан. Мен балалармен таныстым, бізде Астанадан және Алматыдан да балалар келді.