loader

Елімізде 55 жастан асқан әйелдердің 24%-нің табысы жоқ – министрлік ҚазАқпарат

Елімізде 55 жастан асқан әйелдердің 24%-нің табысы жоқ – министрлік

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 55 жастан асқан табысы жоқ әйелдердің үлесі жоғары. Мәселен, елдегі 55-60 жас аралығындағы әйелдер саны 634,5 мың, олардың 24 процентінің табысы жоқ. Мұндай санаттағы адамдар Алматы, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында көп», – деп көрсетілген министрік ұсынған жоспарда.

Айта кету керек, бұл көрсеткіш әйелдердің осы санаты арасында кедейлікті көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың болашақ зейнетақысының мөлшеріне кері әсер ету мүмкін.

Сондай-ақ...