476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда бір әулеттің отбасылық кәсібі 50 жылға ұласып келеді

  • 225
  • UPD: 22:18, 13.08.2022

Алматылық Ширхановтар әулеті қала тұрғындарына өздерінің шеберлігімен танымал. Әкеден балаға мұра болып келе жатқан сағат жөндеу кәсібі әулеттің бойтұмарына айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отбасылық кәсіпті алғаш болып бастаған марқұм Әбдірашид ақсақал 500 мыңнан астам сағат жөндеп, 41 шәкірт тәрбиелеген. Оның қызметіне кеңестік кезеңдегі танымал саясаткерлерде жүгініп отырған. Алматының Сарыарқа базарында сағат жөндейтін кішкентай дүңгіршек бар. Аумағы шағын болғанымен тарихы терең. Бүгінде Ділмұрат ата кәсіпті жалғастырып, істен шыққан сағаттарға жан бітіріп жүр. 12 жасынан бастап сағаттың сырын үйреніп, отыз жылдан аса еңбек етіп келеді. Бірнеше шәкірт тәрбиелеген. Енді ұлын да осы кәсіпке баулып жүр.

Ділмұрат Мираев, сағат шебері:

– 15 жыл бұрын менде 4 шәкірт болған. Төрт шәкірттің ішінде бір мастер шығардым. Ол – Асхат. Қалған екі-үшеуі бола алмады, қиналып қалды. Қиналғанда мен айттым, қиналмаңыз ол сізге емес екен деп. Сағат жөндеуші кәсіп барлық адамға болмайды. Біреу оған кіріп, жұмысын бәрін істеп кетеді. Біреу істей алмайды.

Ділмұраттың анасы Мавлюда апай да сағат шебері. Ол қырық жыл өмірін осы іске арнаған. Газет-журналдар Мавлюда апай туралы талай рет мақала жазып, Мемлекет басшысының қабылдауында да болған. Айтуынша, Әбдірашид ақсақалдан тараған 10 баланың сегізі сағаттың сырын жақсы біледі.  

Мавлюда Ширханова, сағат шебері:

– Өліп қалған сағатты тірілтесің ғой. Соған қарап қуанам ғой. Жүрегім сондай қуанып кетеді, анау сағатты қойып, айтып қоямын ғой, әй, Мавлюда жарайсың сен деп. Біз кішкентай-кішкентай болдық, он баласы бар. Бәрін сағатқа үйретті, біздің қанымызда бар шамасы.

Мавлюда Ширханованың әкесі Әбдірашид ақсақал еліміздегі ең мықты шебер болған. Ол 65 жылда 500 мыңнан аса сағат жөндепті. Дінмұхаммед Қонаев, Леонид Бренжнев сияқты саясаткерлердің сағатына жан бітірген. Оның шеберлігі соншалық, арнайы зауытта ғана дайындалатын ұсақ бөлшектерді де қолымен жасай білген.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов

 

 

Хабар 24 телеарнасы