Оралға ұшатын әуе рейстері қайта іске қосылмақ

FlyArystan әуекомпаниясы Оралға рейстердің қайта жанданатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті. Әуетасымалдаушы компания мәліметінше, Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Ақтаудан Оралға 2022 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұшатын

болады. Ұшу жиілігі рейстердің шектеулермен жанданғаны айтылады. 

Айта кетейік, 18 шілдеде Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға ұшатын рейстерді тоқтатқаны айтылды. Алайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ...